Әлеуметтік әмиян жобасы неге үш аймақта ғана іске қосылады

1147

Жобаны Нұр-Сұлтан, Павлодар, Ақмола облысының Ақкөл ауданында іске қосу көзделген.

Әлеуметтік әмиян жобасы неге үш аймақта ғана іске қосылады

Бірқатар өңірде әлеуметтік әмиян жобасын іске қосу жоспарланған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Ең алдымен Нұр-Сұлтан қаласында іске қосылады. Сонымен қатар Павлодар мен Ақмола облысының Ақкөл ауданында іске қосу көзделген. Осы үш аумақ ілкі жобаның бірінші кезеңіне қосылған. Содан кейін қалған өңірлер кезең-кезеңімен жобаға қосылатын болады", - деді Ербол Оспанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Осы ретте вице-министр аталған үш аумақтың не үшін іріктеп алынғанын түсіндіріп берді.

"Бұл - әзірше ілкі жоба ғана. Сондықтан қалалық ортаны, облыстық маңызы бар қаланы және аудандық елді мекенді таңдап алдық. Бұл аталған жүйенің барлық мүмкіндіктерін тексеру үшін жасалып отыр. Аталған жобамен барлық әлеуметтік төлемдерді және Қазақстанды осы жылдың ішінде-ақ қамтуды көздеп отырмыз", - деді ол.

Әмиянға түсетін қаражат жаратылуы қажет. Адамдар осы құрал арқылы сауда үйлерінде, дүкендерде төлем жасай алуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу