Әлеуметтік азық-түлікті қымбат саудалағандардың ісі әшкере болды

464

Шымкентте тұрақтандыру қорынан төмен пайызбен қаржы ала тұра, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін қымбат бағада сатқандар анықталды. 

Әлеуметтік азық-түлікті қымбат саудалағандардың ісі әшкере болды Фото: egemen.kz

Прокуратура әзірге 4 кәсіпкерді кінәлі деп таныған.  Олар 0,1 пайызбен жеңілдетілген несие алғанымен, міндеттерін дұрыс орындамаған. Мәселен, бір кәсіпкер жұмыртқаны 37 теңгеден сатуы тиіс болса, іс жүзінде 60 теңгеден саудалаған. Қазір әрекеті әшкере болған кәсіпкерге 380 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, тұрақтандыру қорынан берілген қаржы қайтарылды. Ал, "ЮПЭКС" серіктестігі былтыр 320 теңгелік қантпен қамтамасыз ету туралы келісімшартты орындамаған. Бұл компанияға да өте төмен пайызбен бюджеттен  500 млн теңге берілген. Яғни, 1900 тонна тәтті ұнтақпен қамтамасыз етуі тиіс кәсіпкер бір келі де өнім жеткізбегені белгілі болды.  

"Қазіргі таңда күнделікті мониторинг жүргізіп жатырмыз. Мынау бюджеттен бөлінген жеңіл несиедегі қаржылардың мақсатына сай пайдалануына қазір күнделікті қазір талдау жасап жатырмыз.міндеттемелерін дұрыс орындамағаны үшін айыппұл шаралары көріледі. Ол әлеуметтік корпорациялармен қазіргі таңда жосықсыз тауар жеткізушілерге қатысты айыппұл шараларын өндіріп жатыр", дейді Қала прокурорының бірінші орынбасары Нұржан Сейдалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу