Әлеуметтік дәрежеңізді egov.kz арқылы анықтай аласыз

687

Әлеуметтік дәрежеңізді egov.kz арқылы анықтай аласыз

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының әр азаматын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру күшіне енеді. Қорға жарна төлеуден жұмыссыз, әлеуметтік төлем алушы және басқа да азаматтар босатылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығынан.

Азаматтың мәртебесін белгілеу, жұмыссыз бен нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматты анықтау жөнінде атаулы жұмысты ұйымдастыру үшін қалалық штаб пен мобильді топ құрылды. "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесіне мәртебесі жоқ жеке адамды өзектендіру штабы халықты жұмыспен қамту орталығының ғимаратында орналасқан.

Денсаулық сақтау басқармасы бекітілген халық тізімімен, мәртебесі жоқ адамдардың тізімімен салыстырып тексереді, үйлерді аралайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу