Әлеуметтік дүкен ашылды

3196

Әлеуметтік дүкен ашылды

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі жанынан "Әлеуметтік дүкен" ашылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Әлеуметтік дүкеннің" негізгі мақсаты – тұрмысы төмен және аз қамтамасыз етілген отбасыларына қолдау көрсету, көмек қолын созу болып табылады.

Дүкеннің салтанатты ашылу шарасында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев, "Жомарт" мейірімділік үйінің еріктілер жасағының жетекшісі Маия Наримова және жастар ұйымдарының еріктілері, белсенді жастар мен тұрғындар қатысты.

Шара аясында әлеуметтік шаштараз қызметі мен "Жастар денсаулық орталығы" КММ-нің мамандары тегін медециналық қызметтер көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу