Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары мемлекетке 6 млрд теңге шығын келтірді

574

Еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың қызметіне талдау жасау аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары мемлекетке 6 млрд теңге шығын келтірді Фото: kt.kz

Оның дерегінше, корпорациялардың әрбір бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

"Біріншіден, барлық өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру деген желеумен жер учаскелерін байқаудан тыс бөлу анықталды. Мұндай әрбір жобаның екіншісінде көппәтерлі тұрғын үй, мейрамхана, автокөлік жуу бекеті және басқалардың құрылысы салынған", - дейді Саян Ахметжанов.

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың лауазымды тұлғаларына қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша 9 қылмыстық іс тіркелген, мемлекетке келтірілген шығын 1,4 млрд теңгені құрайды.

"Екіншіден, үлестес тұлғаларға төмендетілген бағамен активтерді сату арқылы активтерді тиімсіз пайдаланудың салдарынан мемлекетке 6 млрд теңге шығын келген",- дейді Превенция қызметінің басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу