Әлеуметтік қолдау, JOLTAP, жұмысқа орналастыру: 24 мыңнан астам елордалыққа көмек берілді

458

"Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотовтың төрағалық етуімен Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының алқа отырысы өтті.  

Әлеуметтік қолдау, JOLTAP, жұмысқа орналастыру: 24 мыңнан астам елордалыққа көмек берілді Фото: gov.kz

Жиынға басқармаға қарасты мекемелер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Отырыста өткен жыл қорытындыланып, 2024 жылға жоспар белгіленді.

"Біздің басқарма жыл сайын 300 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетеді. Елордада 1838-ге жуық әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Басқарманың негізгі бағыттары мен міндеттері – еңбекке қабілетті жұмыссыз халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды әлеуметтік қорғау", - деді Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб.

2023 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша 24,3 мың адамға көмек берілді, оның ішінде 12 662-сі – жастар, 13,5 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 8,6 мыңы –тұрақты жұмыс орындарына, 4,9 мыңы субсидияланатын (уақытша) жұмыс орындарына (қоғамдық жұмыс, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орны, алғашқы жұмысы, ұрпақ келісімшарты, күміс дәуірі). 70 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірегей "JOLTAP" жобасы іске қосылды, оның аясында "Баршаға мүмкіндік" модульдік пунктері арқылы тұрғындар табысын арттыру мүмкіндіктері, атап айтқанда 52 мемлекеттік қолдау шарасы бойынша кеңес ала алады. Жоба іске қосылғаннан бері 5,7 мың азамат қамтылды, оның ішінде 3 мыңнан астам жұмыссыз азамат, 2,7 мың жас, 700-ден астам азамат жұмысқа орналастырылды.

Жалпы, әлеуметтік қолдау 186 мыңға жуық адамды қамтиды, оның 34,7 мыңы – мүгедек, 127,1 мыңы жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер (7 ҰОС ардагері), 1 мыңға жуығы ҰОС ардагерлеріне (соғыс ардагерлеріне) теңестірілген. Ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль атом электр станциясының зардаптарын жоюға қатысушылар), 31,4 мың – көпбалалы отбасы, 6,5 мың – "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы ана. 3,5 мыңнан астам аз қамтылған отбасы атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылды.

Жиын соңында қала әкімінің орынбасары Е.Глотков саладағы кейбір өзекті мәселелер бойынша жұмыстардың шешімі мен ұсыныстарын ортаға салып, тиісті мекемелерге тапсырма берді. Сонымен бірге қала тұрғындарын әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамтуға көмектесу жұмыстары тұрақты бақыланып, биыл да жалғасын табатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу