Әлеуметтік көмек алған жанұя iрi қара көбейтпек

1922

Түркістан облысы Түлкібас ауданының тұрғыны Нұргүл Базарбайдың 5 баласы бар.

Әлеуметтік көмек алған жанұя iрi қара көбейтпек

Күйеуі көптен жұмыс істемейді екен. Тек тозығы жеткен "Москвич" көлігімен аудан орталығына оқта-текте жолаушы тасып, жанұясының ас-ауқатын түгендейді. Ал, отанасы болса үй шаруасында. Үйдің үлкені 14 жаста, кішісі 4-ке толған. Бала-шағаның жыртығын жамауға шамасы келмей отырған отбасы жуырда атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізіп, азық-түлігін алып, қораға мал да байлапты.

"Мемлекет тарапынан берілген атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізгенімізге дән ризамыз. Соның арқасында бала-шағаның мектепке барар киімін әпердім. 4 балам білім ошағында оқиды. Олардың киімін түгендеу де оңай емес. Жанұядағы жоқ-жітікті де түгендеп алдық. Одан артылғанына міне бір өгіз, бір жылқы алып отырмын. Осыларды бордақылап, етке өткізсем деген үмітім бар. Сөйтіп, қаражатты біршама айналдыруды көздеп отырмын", – дейді ол.

Нұргүл Базарбай бұған дейін айына 10 мың теңге көлемінде жәрдемақы алып келген. Атаулы әлеуметтік көмектің 6 айлығын қосып алғанда, есеп шотына 618 мың теңге қаржы түсіпті. Енді екінші жарты жылдықтың қаражатына қол жеткізсе, қорадағы мал басын көбейтуді жоспарлап отыр.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу