Әлеуметтік көмек алу үшін ажырасатындар көбейген

982

 2019 жылы шамамен 60 мың ажырасу тіркелген. Ол өткен жылы неке қиғандардың 43%-ы.

Әлеуметтік көмек алу үшін ажырасатындар көбейген

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті. 

"2017 жылы 55 мың ажырасу тіркелді. Бұл сол жылы шаңырақ көтергендердің 39%-ы. Ал 2019 жылы шамамен 60 мың ажырасу тіркелген. Ол өткен жылы неке қиғандардың 43%-ы. Бұл мәселеде бір фактіні атап өткім келеді. Ажырасудың осынша көп болуына атаулы әлеуметтік көмекті енгізу де ықпал етті. Адамдар материалдық көмек үшін жаппай қағаз жүзінде, өтірік ажырасқан. Қазір қоғамда болып жатқан кез келген өзгерістер отбасыларға кері әсер әсер етуі мүмкін", – деген министр мемлекеттің басты әлеуметтік міндеті – отбасын, ана мен баланы қорғау екенін атап өтті.

"Биыл "2030 жылға дейін отбасы-гендерлік саясат" концепциясының екінші кезеңі іске асырылады. Бұл отбасы институтын нығайту, денсаулық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталады", – деді Аида Балаева.

Құралай Құдайберген 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу