Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын бюджет шығыны бір жылда 10%-ға өсті

623

Жергілікті бюджет шығындары 13%-ға артты.  

Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын бюджет шығыны бір жылда 10%-ға өсті Фото: 365info.kz

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған шығыны 3,3 трлн теңгеге жетті. Бұл 2021 жылға қарағанда 10,2%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті бюджеттердің әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығыны бір жылда 12,6%-ға, 326,1 млрд теңгеге дейін өсті.

Республика бойынша сектордағы ең көп шығын Түркістан облысында тіркелді (36,7 млрд теңге). Одан кейінгі орындарда Алматы (28 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (24,9 млрд теңге) бар.

Ұлытау, Абай және Атырау облыстарының жергілікті бюджеттеріне айтарлықтай салмақ түспегені байқалды.

Шығындардың ең көп жылдық өсімі Маңғыстау облысында (39,1%-ға), ең көп қысқару Шымкентте (34,9%) тіркелді.

2022 жылдың үшінші тоқсанында жасына байланысты орташа зейнетақы төлемі 9,5%-ға, 74,2 мың теңгеге дейін, мемлекеттік орташа базалық зейнетақы төлемі – 8,7%-ға, 33,7 мың теңгеге дейін, орташа мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 9,2%-ға, 50,9 мың теңгеге дейін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 9,3%-ға, 8,4 мың теңгеге дейін өсті.

Мемлекеттік тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 5,6%-ға, 7,2 мың теңгеге дейін қысқарды. 2022 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 19,2%-ға, 6,7 мың теңгеге дейін артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу