Үкімет халыққа әлеуметтік қолдау білдіру үшін 18 трлн теңгеден астам қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды Atameken Business.
Егер 2020-2022 жылдары бюджеттен 39,5 трлн бөлінетінен ескерсек, онда қаржының жартысы көмекке бағытталмақ. Жобаға сәйкес, келер жылы 5,7 трлн, одан кейін 6,1 және 6,4 трлн теңге жұмсалмақ.
Құжат бойынша экономикаға 4,9 трлн, жалпы мемлекеттік шығындарға 10,8 трлн және қорғаныс пен құқық қорғау органдарына 4,3 трлн бағытталады деп жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу