Әлеуметтік көмекке қатысты жалған ақпарат тарады

342

Азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау туралы жалған ақпарат таратылуда.

Әлеуметтік көмекке қатысты жалған ақпарат тарады Фото: reinform.com.ua

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде "Жастар" бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек тағайындау үшін бөлінген қаражат туралы ақпарат жалған. Бұл туралы Inbusiness.kz сайты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мессенджерлерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) атынан "Жастар" бағдарламасы бойынша 35 жасқа дейінгі азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау туралы жалған ақпарат таратылуда. Белгісіз адамдар тағайындалған қаражатты аудару үшін телефон нөмірге қоңырау шалуды немесе сілтемені басуды ұсынады.

"Еңбекминінің қызмет бағыты бойынша аталған бағдарлама да, әлеуметтік көмектің мұндай түрі де жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген нөмір немесе сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге және көрсетілген нөмірге қоңырау шалмауға кеңес береміз", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

"Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу