Әлеуметтік көмірді бизнес субъектілеріне сатуға жол беруге болмайды – Олжас Бектенов

145

Бұл көмір халыққа сату үшін бағытталуы тиіс. 

Әлеуметтік көмірді бизнес субъектілеріне сатуға жол беруге болмайды – Олжас Бектенов Фото: PrimeMinister.kz

Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Жылу желілерін жаңғырту жұмыстары да баяу екенін баса айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында екі жоба, Абай облысында 1 жоба бойынша бұзып-бөлшектеу жұмыстары ғана жүргізілуде. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты ауқымды жоспарлы жұмыстың маңыздылығы атап өтілді. Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және Энергетика министрліктерінің алдына міндет қойылды.

"Жалпы қазіргі жұмыс қарқыны жылыту маусымын уақтылы әрі сапалы бастауға тәуекелдің әлі де жоғары екенін көрсетіп отыр деп айтуға болады. Яғни, әкімдіктер тарапынан бақылау жеткіліксіз. Бұл ретте республикалық бюджеттен қажетті қаражат уақтылы бөлінген. Осы жылыту маусымына дайындық барысын дұрыс ұйымдастыру мен үйлестіру мақсатында Роман Васильевич Склярдың басшылығымен жедел штаб құрылсын", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы көмір мен мазут жеткізу мәселелерін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Премьер-Министр жауапты министрлер мен облыс әкімдерінің назарын стансаларды отын қорымен қамтамасыз етуге аударды. Конкурстық рәсімдердің кеш өткізілуіне байланысты сұрақтар туындап отырғаны баса айтылды. 

Мәселен, Энергетика министрлігі стансаларға арналған мазутты тым кеш, яғни 15 тамызда үлестіріп берді. Логистиканы, қауырт жұмыс барысында туындайтын цистерна мен вагон тапшылығын және басқа да мәселелерді ескеретін болсақ, мазут пен көмір қоры уақтылы дайындалады дегенге сену қиын.   

"Біз Үкіметте көмір тасымалында дүрбелең туғызбай, вагон тапшылығын болдырмау үшін шарттарды ерте жасау, жеткізу кестелерін бекіту қажеттігі туралы бірнеше рет айттық. Өнеркәсіп және көлік министрліктеріне көмір мен мазут жеткізу бойынша ҚТЖ мен өңірлердің міндеттемелерін орындау мәселелерін қатаң бақылауда ұстауды тапсырамын", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу