Сырттай ғана танитын адамның үй алып беремін дегеніне сенген әйел ақшасын оның қолына ұстатыпты. Бірақ ақша алған соң әлгі танысы ұшты-күйлі жоқ болыпты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әйелдің арызынан соң полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, жедел-іздестіру жұмыстарын бастайды. Куәгерлерден жауап алынып, жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталған.
"Ұсталған ер адамның жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Алаяқтық жолмен алынған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген",– деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.