Әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талаптар өзгереді

Әлеуметтік жұмыспен біліктілігі тәуелсіз бағалаудан өткен мамандар ғана айналыса алады.  

Әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талаптар өзгереді Фото: baq.kz

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.

Оның сөзінше, 1 шілдеден бастап күшіне енетін Әлеуметтік кодекс аясында әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талап пен мәртебесі көтеріледі.

"Осылайша, әлеуметтік жұмыспен біліктілігі тәуелсіз бағалаудан өткен сертификатталған мамандар ғана айналыса алады. Кәсіби біліктілігі, көрсетілетін қызмет түрі мен сапасы туралы толық ақпараттан тұратын әлеуметтік қызметкерлердің тізілімі әзірленетін болады. Сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің біліктілік деңгейі, санаты мен ерекшеліктері ескеріле отырып, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі қайта қаралады", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу