Әлеуметтік қызметшілердің мәртебесі туралы заң әзірленеді

560

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды күтетін әлеуметтік жұмысшылардың жалақысы аз. Олардың табысы мардымсыз болғандықтан, ипотекалық бағдарламаға да қатыса алмайды, деп жазады inbusiness.kz.

Әлеуметтік қызметшілердің мәртебесі туралы заң әзірленеді Фото: egemen.kz

Ал қосымша жұмысқа тұруға мүмкіндік жоқ. Өйткені күтушілер күндіз-түні көмекке мұқтаж жандардың жанында болуы тиіс.

Енді әлеуметтік қызметшілердің мәртебесін көтеруге қатысты заң жобасы дайындалып жатыр. Мүмкіндігі шектеулі жандарды күтуге ат салысып жүрген маманның бірі – Меруерт Мұстафа. Айлық жалақысы – 140 мың теңге.

"Мен осы салаға келген күні өте қорқыныш пайда болды. Осындай жандармен жұмыс жасай аламын ба деген жоқ негізі көз қорқақ қол батыр дейді ғой, өзімді осы салаға бейімдеп, өз жұмысымды сүйіп, мен жан тәніммен кірістім деп айта аламын. Соған сай жалақы төлеп, марапат көрсетсе деп ойлаймын", – дейді әлеуметтік қызметкер. 

Мұндай қызметкерлердің басым бөлігінің ипотека алуға табысы жетпейді. Ерекше жандардың күтімін жауапкершілігіне алған жандар қосымша жұмыс та істей алмайды. Әрі бұл салаға жұмысқа келуге жастар жағы мүлдем құлықсыз.

Сондықтан жауапты министрлік "Әлеуметтік кодекстің" аясында мұндай қызметкерлердің статусын өзгертуге күш салып жатыр. Жаңа заң арқылы алдымен әлеуметтік жұмыс мамандарының мәртебесі мен жалақысы көтеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу