Әлеуметтік маңызды тауарлар жыл басынан бері 0,1%-ға қымбаттады

925

Әлеуметтік маңызды тауарлар жыл басынан бері 0,1%-ға қымбаттады

23 қаңтардағы есеп бойынша  әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасы жыл басынан бері 0,1%-ға өсті.  Әсіресе  көкөністер – қырыққабат (+4,4%), картоп (+3,3%), пияз (+2,5%), сәбіз (+1,1%) қымбаттап отыр.

Сондай-ақ жұмыртқа (+1,1%), сары май (+0,6%), сүт (+0,5%), айран (+0,3%), ірімшік (+0,2%), сиыр еті (+0,2%), нан (+0,1%) бағасы көтерілді.

Ал қарақұмық (-7,1%), қант (-2,7%), күріш (-1,9%) айтарлықтай арзандаған.

Еліміздің ірі қаралары арасында азық-түліктің қымбаттағаны әсіресе Астана (жыл басынан бері +1%), Павлодар (+0,8%), Ақтөбе (+0,6%) және Алматы (+0,5%) тұрғындарына білінген.

Оңтүстік өңірдің қалаларында, керісінше, әлеуметтік тауарлар арзандап отыр. Атап айтқанда, Шымкентте – 1,1%-ға, Таразда – 0,4%-ға, Талдықорғанда 0,3%-ға арзандады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу