Агенттіктің дерегінше, тауар бағасының қымбаттауына импорт әсер еткен.
"2022 жылы азық-түлік бағасының күрт өсуі импортқа айтарлықтай тәуелді тауар позициялары бойынша болды. Әлеуметтік маңызы бар тұтыну тауарларының 19 позициясының 9-ы импортқа тәуелді. Қазақстан әлемдік нарықтың бір бөлігі ретінде әлемдік бағаға тәуелді", – деп жазылған хабарламада.
БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының деректері бойынша, биыл баға 35%-ға қымбаттаған. Бұл Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының 21,3% - ға өсуіне әкелді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу