Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 0,3%-ға қымбаттады

984

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 0,3%-ға қымбаттады Фото: inbusiness.kz

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,3%-ға, жылдық динамикада 23,6%-ға өсті, деп жазады inbusiness.kz.

Еліміз бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы (14 ақпан):

  • Майлылығы 2,5% сүт– 353 тг/л
  • Қант – 459 тг/кг
  • Сәбіз – 152 тг/кг

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

"Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу