Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы келесі жылдың сәуіріне дейін бекітілді

1142

Картоп, пияз, қырыққабат пен сәбіз қымбаттамайды. 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы келесі жылдың сәуіріне дейін бекітілді

Азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы брифингте "Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" ММ басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, бағаның өсуі маусымдық сипатқа ие. Дәстүр бойынша бұл қаңтардан бастап, сәуірге дейін байқалады. 

"Мамыр айынан бастап, жаңа өнім түрлері арзандайды. Сондықтан қалада бағаны тұрақтандыру бойынша бірқатар шаралар атқарылуда. Бірінші айналым механизмі бойынша 20 мың тонна өнімге келісімшарт жасалды. 7 кәсіпкерлік субъектілерімен келісімшартқа қол қойылып, 3,6 млрд теңгеге несие берілді. Бұл ірі сауда объектілерінде азық-түлікті бекітілген баға бойынша сатуға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, биылғы жылдың желтоқсанынан бастап, келесі жылдың мамырына дейін көкөністердің 4 түрі бойынша баға бекітілген. Олар: картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз. Күріш пен қарақұмық, күнбағыс майының бағасы биылғы жылдың сәуірінен бастап, келесі жылдың сәуіріне дейін бекітілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 10 түрінің бағасы қазан айынан бастап келесі жылдың сәуіріне дейін бекітіледі", – деді ол.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу