Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қымбаттады

990

Ұлттық статистика бюросы тиісті ақпаратты таратты. 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қымбаттады Фото: google

Қазақстанда өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары 0,4%-ға, жылдық мәнде 23,5%-ға өсті, деп жазады inbusiness.kz

Еліміз бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы (7 ақпан):

  • 2,5 пайыздық айран – 369 тг/л
  • Сүзбе – 1952 тг/кг
  • Қырыққабат – 107 тг/кг 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

"Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері таңдалады", - деп атап өтті Ұлттық статистика бюросы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу