Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, тас көмір және астықты әкімшілендіруді жетілдіретін пилоттық жобаның мерзімі ұзартылады

664

Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланған, деп жазады inbusiness.kz.  

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, тас көмір және астықты әкімшілендіруді жетілдіретін пилоттық жобаның мерзімі ұзартылады Фото: strategy2050.kz

"Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығының жобасы жарияланды.

Атап айтқанда, пилоттық жоба мерзімін тағы бір жылға 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту ұсынылып отыр.

Ұсыныстың негіздемесінде көрсетілгендей, бұл пилоттық жоба инфляцияның өсуіне, азық-түлік өнімдері мен мұнай өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар шеңберінде Үкімет отырысының 2022 жылғы 18 қаңтардағы №2 хаттамасының 3.4-тармағын орындау үшін іске қосылған.

"Осы пилот шеңберінде жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін ескере отырып, ол тұтастай алғанда өндірушілердің сату бағаларын, өнімсіз делдалдар санын талдауға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты сауда үстемесінің асып кету тәуекелдерін белгілеуге мүмкіндік береді", - делінген негіздемеде.

Құжат ашық талқылауда 13 желтоқсанға дейін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу