Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы өскен

1661

Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниев үкімет отырысында тұрақтандыру қорының жұмысы мен қазіргі жағдайы туралы баяндады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы өскен

Жалпы алғанда жыл басынан бері республика бойынша барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының шамалы өскені байқалады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Алайда, кейбір тауар түрінің бағасы төмендеген. Бұл қарақұмық жармасы – 27,6%-ға, картоп – 28,5%, пияз – 25,4% және сәбіз бағасы 18,2%-ға арзандаған.  

Министрліктің айтуынша, көкөніс өнімдері бағасының ауытқуына өндіріс маусымдылығы әсер етіп отыр. Онымен қоса, ұлттық теңгенің құнсыздануы да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне себеп болуда.  Өнімнің өзіндік құнына тікелей әсер ететін тауарлар мен қызмет көрсету құнының өсуі де бар. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шараларды қолға алды.

"Аймақтарда азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорлары құрылуда. 2018 жылдың қаңтар-қарашасында аймақтардағы  тұрақтандыру қорлары барлығы 25,4 мың тонна азық-түлік тауарын сатып алды, оның ішінде: картоп – 11 мың тонна, қант – 5 мың тонна, пияз – 2,4 мың тонна, сәбіз – 8 мың тонна, күріш – 0,6 мың тонна, қырыққабат – 0,38 мың тонна, күнбағыс майы – 240 тонна", — дейді Арман Евниев.

Аталған мерзім аралығында барлығы 29 мың тонна сатылған. Биылғы жылдың қазан айынан бастап аймақтар тұрақтандыру қорларына 9 мың тонна азық-түлік тауарын сатып алған, оның ішінде: Ақтөбе облысы – 1,7 мың тонна, Атырау облысы – 1,2 мың тонна, Қостанай облысы – 1,4 мың тонна, СҚО – 0,7 мың тонна, Түркістан облысы – 1,0 мың тонна, Қарағанды облысы – 15,4 тонна, Павлодар облысы – 85,0 тонна, Алматы қаласы – 1,5 мың тонна және Астана қаласы – 0,35 мың тонна.  

"Биылғы жылдың 20 қарашасындағы жағдай бойынша, тұрақтандыру қорларындағы тауарлық интервенциялар жүргізуге арналған қор 12,2 мың тоннаны құрады, ал алмастыруға және жауапты сақтауға берілгендер – 22,7 мың тонна болды. Қолда бар 12,2 мың тоннаның 3 мың тоннасы қант, 0,83 мың тоннасы – күнбағыс майы, 1,3 мың тоннасы – 1 сұрыптағы бидай ұны, 0,497 мың тоннасы – қарақұмық жармасы және 0,355 мың тоннасы – макарон өнімдері", — деп хабарлады ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу