Ұлттық статистика бюросының дерегінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада 0,1%-ға төмендеді, ал жылдық мәнде 8,4%-ға өсті.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 18 шілде/:
- Күнбағыс майы – 796 тг/л;
- Айран– 412 тг/л;
- Пияз – 193 тг/кг.