Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 2,9% өсті

402

Баға өткен аптада өзгеріссіз қалды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік  бағасы 2,9% өсті Фото: Inbusiness.kz

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада өзгеріссіз қалса, жылдық мәнде 2,9% өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2024 жылғы 9 қаңтарға:

Күріш – 486 тг/кг;

Сиыр еті (жауырын, төс бөлігі) – 2513 тг/кг;

Орамжапырақ – 147 тг/кг.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу