Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді импорттау үшін "жасыл дәліз" ашылды

1010

Бұл шаралар бірінші кезекте тұтынатын тауарлар дефицитін тудырмау үшін қолға алынды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді импорттау үшін "жасыл дәліз" ашылды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, халық тұтынатын әлеуметтік маңызы бар импортталатын азық-түліктерге "жасыл дәліз" орнатты.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанға жалпы құны 554,6 млн АҚШ долларын құрайтын 872 мың тонна тауар кіргізілген.

Атап айтқанда: қант – 165 мың тонна ($55,9млн), құс еті – 148 мың тонна ($143 млн), пияз – 133 мың тонна ($30,5 млн), сүт – 118 мың тонна ($56,8 млн), орамжапырақ – 85 мың тонна ($24 млн), 78 мың тонна ($14,6 млн) – сәбіз сияқты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына жатқызылған 19 түрлі тауар импортталған.

Қазіргі таңда бірінші қажеттілік тауарларын тасымалдайтын негізгі компанияларға кедендік тексеріс, сараптама, және тауардың құнын кедендік бақылау сияқты шаралар қолданылмайды.

Сондай-ақ, қазір шекарада өзге санаттағы бизнес субъектілеріне әкімшілік жүктемелерді азайту үшін "қызыл және сары дәліздердің" жұмысы қысқартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу