Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің ең төменгі көтерме бағасы бекітілмек

453

"Қазақстанда өндірілетін, әкелінетін немесе өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме бағаны белгілеу тәртібін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің ең төменгі көтерме бағасы бекітілмек Фото: egemen.kz

"Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықты қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының бүкіл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бойынша бір жыл ішінде күнтізбелік тоқсан күнге дейінгі мерзімге ең төменгі көтерме бағаны белгілейді", - делінген құжатта.

Ең төменгі көтерме бағаны белгілеу заңды тұлғаның өтініші мен мүдделі мемлекеттік органның бағаны салыстырмалы талдау нәтижесінде бекітіледі.

"Қазақстан аумағында әкелінетін немесе өткізілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес ӘМАТ салдарынан экономика саласына материалдық залал қаупінің болуының негіздемесі объективті фактілерге негізделуге тиіс. Атап айтқанда, статистикалық деректерге, Қазақстан нарығындағы үлесі туралы деректер, өндірістің өзіндік құны, бағасы, өндірістік қуаттардың жүктелу дәрежесі, еңбек өнімділігінің жұмыспен қамтылуы, пайда мөлшері, өндірістің тиімділігі, экономика саласына инвестициялар көлемі сияқты мәліметтер ескеріліп, көрсетілуі тиіс", - деп жазылған қаулыда.

Құжат 17 ақпанға дейін көпшілік талқылауына шығарылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу