Әлеуметтік маңызы бар тауар бір аптада 0,2%-ға қымбаттады

683

Экономиканың 6 негізгі көрсеткіші бойынша Батыс Қазақстан облысы нашар нәтиже көрсетті.  

Әлеуметтік маңызы бар тауар бір аптада 0,2%-ға қымбаттады

Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы экономиканың 6 негізгі көрсеткіші бойынша өте жақсы нәтижеге қол жеткізді. Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында 5 көрсеткіш бойынша оң динамика байқалды. Ал Батыс Қазақстан облысы ең төмен нәтиже көрсетті", – деді премьер-министр. 

Асқар Мамин елде инфляция өсіп жатқанына назар аударды. 

"Тамызда инфляция 8,7%, қыркүйекте 8,9% болды. Инфляцияның өсуіне азық-түлік бағасының қымбаттауы кері әсер етті. Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар тауар 0,2%-ға қымбаттады. Қымбатшылық Нұр-Сұлтан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында қатты сезілді", – деді Үкімет басшысы. 

Асқар Маминнің айтуынша, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдер инфляцияны тежеуге білек сыбана кірісуге тиіс. 

"Экономика секторларында өсу қарқынын ұлғайту, инвестиция тарту, жұмыс орындарын құру және әлеуметтік маңызы бар тауар бағасының өсуін тежеу бойынша жұмысты күшейтуі қажет. Сонымен қатар бюджет қаражатының дер кезінде игерілуін қамтамасыз етуді тапсырамын!", – деді премьер-министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу