Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы төмендеді

Наурызда ұн 1,1% арзандады. 

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы төмендеді Фото: Inbusiness.kz

Бұл 2018 жылдың шілдесінен бергі алғашқы жағымды көрсеткіш. Екінші ай қатарынан күнбағыс майы арзандауда (наурызда – 1,3%-ға, соңғы 6 жылдағы ең жоғары көрсеткіш), ал қант 2022 жылдың қыркүйегінен бастап (наурызда – 2,1%) арзандады.

Маусымдық баға өзгерістері басталып кетті. 

Мәселен, қияр бағасы бірден 7,3%-ға арзандады. Наурыз айында 6 жыл ішінде алғаш рет баға төмендеді.

Алайда дәрілердің бағасы өсуде. Мысалы, парацетамол наурыз айында 10,9%-ға, Ambroxol және Aqualor  4,1% қымбаттады.

Тұрмыстық техника бағасында оң динамика байқалады.  Наурызда – оның құны 0,8%-ға төмендеді. Кір жуғыш машиналар бағасы ең көп арзандады – 3,5%-ға.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу