Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 4,2%-ға қымбаттады

1051

Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің қолданыстағы жүйесі тиімсіз.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 4,2%-ға қымбаттады

Үкімет басшысы Асқар Маминнің мәлімдеуінше, 17 наурыз бен 7 сәуір аралығында әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы 4,2%-ға өскен.

"Нарық қатысушыларының кейбірі төтенше жағдайды пайдаланып жатыр", – 
деді премьер-министр. 

Асқар Мамин үкіметтің маңызды міндеті азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін тілге тиек етіп, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің қолданыстағы жүйесі тиімсіз екенін айтты.  

"Біз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бағаны бақылаудың жаңа деңгейіне өтеміз. Үкімет ұлттық тауар өткізу желісін, көтерме тарату орталығы кешенін құру бойынша жүйелі шешім қабылдады. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бірқатар Еуропа еліне барып, бұл тұрғыдағы үздік тәжірибелерді зерттеді. Зерттеу нәтижелерін пайдаланамыз", – деді Асқар Мамин.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу