Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысының жалақысы қанша?

209

Қор төрағасы айына 1 млн 400 мың теңге алатынын айтты. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысының жалақысы қанша? Фото: gov.kz

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Әбілқайыр Сқақов ай сайын алатын жалақысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер спикерден "Медсақтандыру қорының топ менеджерлері қыруар сыйақы алды деген ақпарат шықты. Қазір қорда берілетін сыйақы туралы айтып өтсеңіз?" деп сұрады. 

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қордың топ менеджерлеріне басқармадағы 5 адам кіреді. Олар соңғы үш жылда ешқандай бонус алып жатқан жоқ, алмайды да. Мен және орынбасарларым алған сыйақының ең жоғарғы мөлшері жылына 650-700 мың теңге маңайында. Директорлар кеңесінің шешімімен бұл сома шектелген. Ұжым алатын сыйақылар қызметкерлердің KPI-мен бекітілген, соған сәйкес сыйақы алады", - деді Әбілқайыр Сқақов.

Ол алатын айлығы туралы да пікір білдірді.

"Айына қолға 1 млн 400 мың теңге", - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу