Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры індетпен күреске 159 млрд теңге бөлді

611

ТМКК мен МӘМС пакеттеріне өзгерістер енгізіледі. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры індетпен күреске 159 млрд теңге бөлді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМКК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттеріне өзгерістер енгізілетінін мәлім етті.

"Коронавирус инфекциясын емдеуге байланысты ТМКК және МӘМС пакеттеріне өзгерістер енгізілді. COVID-19 жұқтырған науқастарға және осы індетті жұқтыру күдігіне ілінгендерге мобильді бригада жіберіліп, стационарлық қызмет үйде көрсетіледі. Бұл қызметтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық ел азаматына ұсынылады. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ТМКК пакетінде "байланыста болған адамдарды, бактерия мен вирус тасымалдаушыларды және инфекциялық ауруға күдікті адамдарды оқшаулау" қызметтері қарастырылған", – деді ол.

Болат Төкежанов қаражат қандай мақсатқа бөлінетінін нақтылай кетті.

"Қор тарапынан коронавирус пен пневмонияға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін 159 миллиардтан астам теңге қарастырылды. Коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге 50,5 млрд теңге, эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне үстемақы ретінде 91,9 млрд теңге, стационарлық деңгейдегі ПТР тестілерге  4,2 млрд теңге, үйдегі стационарда қызмет көрсетуге 0,4 млрд теңге, амбулаториядағы ПТР тестілеуге 10 млрд теңге және мобильді бригадалардың жұмысына 2,4 млрд теңге бөлінді", – деді басқарма төрағасы.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу