Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мыңнан астам шағым түскен

747

Азаматтарға ала алмаған медициналық қызметтері үшін өтемақы төленбейді. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мыңнан астам шағым түскен

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҰАҚ медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры Лаззат Шоманова коронавирус өршіген кезде медициналық сақтандыруға жарна төлеп отырған азаматтардан медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерді ала алмағаны үшін мың жарымға жуық шағым түскенін мәлім етті.

"Мамыр-маусым айларында 1406 байланыс орталығына өте көп қоңырау соғылды. Осы кезде медициналық көмек көрсету жөнінде 1400-ден астам шағым түсті. Ол шағымдарды медициналық сақтандыру қоры қарастырып, жауап берілді. Пациенттердің құқықтары қорғалды. Азаматтардың ала алмаған қызметтері үшін өтемақы төлеу заң жүзінде қарастырылмаған", деді қордың медициналық көмек сапасын бақылау департаментінің директоры.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу