Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 32 миллиард теңгеден асты

816

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 32 миллиард теңгеден асты

Желтоқсан айының 1-і мен 31-і аралығында медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 7,4 млрд теңгеге жуық жарна аударылды, деп хабарлады "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ  жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті.

Жалпы, жаңа жүйе іске қосылған 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында түскен түсімдердің жалпы көлемі 32,1 млрд теңгеден асып жығылды.

Оның ішінде, 26,4 млрд теңге (82,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 5,7 млрд теңгеге жуық қаржы (шамамен 17,8%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аумақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап келеді.            

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2017 жыл соңына дейін түсетін жарна мөлшері 30 млрд теңгеге жуықтайды деген болжам жасаған болатын. МСҚ жыл соңына болжанған көрсеткіштерге толығымен қол жеткізді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу