Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасына $80 млн қарыз алынбақ

667

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасына $80 млн қарыз алынбақ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасын қаржыландыру үшін Халықаралық қайта құру және даму банкінен 80 млн доллар қарыз алынады. Оны өтеу мерзімі 15 жыл деп білгіленіп отыр. Бүгін мәжіліс депутаттары "Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Алынатын қаржыға денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру көзделіп отыр. Нақтырақ айтқанда, маман даярлау, жаңа қондырғылармен қамту және жедел медициналық көмектің сапасын арттыру жоспарда бар.

Автор: Еркін Шәкірұлы 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу