Әлеуметтік медсақтандыру қоры медициналық мекемелерге 200 млрд теңге қарыз

200

Қор алдағы 1,5-2 айда бұл берешектің айырмашылығын айтарлықтай қысқартуды жоспарлап отыр.

Әлеуметтік медсақтандыру қоры медициналық мекемелерге 200 млрд теңге қарыз Фото: canva.com

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Әбілқайыр Сқақов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер қор басшысынан "Медициналық мекемелерді қаржыландыру неге кешіктіріліп жатыр? Тамыз аяқталуға жақын, алайда қазір мамыр айы бойынша актілерге қол қойылып жатыр" деп сұрады.

"Шынымен де бізде үлкен мәселе болды, оны мойындаймыз. Жыл басында төлем жүргізуге арналған ақпараттық жүйе болмады, бүгінде оны іске қостық. Барлық төлем жіберіліп жатыр, алайда тағы бір мәселе туындады. Бұл – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қаржының жетіспеушілігі. Сондықтан да осы аптаның аяғына дейін мамырды қоса алғандағы міндеттемелерімізді жабамыз. Республикалық бюджеттен қаражат түскен кезде қыркүйекте маусым, шілдені қарастырамыз. Алдағы 1,5-2 айда медициналық мекемелер алдындағы берешектің айырмашылығын айтарлықтай қысқартамыз деп ойлаймын", - деді Әбілқайыр Сқақов.

Тілшілер берешек сомасы қандай екенін нақтылады.

"Бүгінде 200 млрд теңге. Бұл республикалық бюджет есебінен ТМККК аясында медициналық ұйымдарға төленетін сома. Біз оны медұйымдарға төлеуіміз қажет", - деп жауап берді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу