Әлеуметтік нан бағасы көтерілмейді – Түркістан облысы әкімдігі

1676

Мәселені шешу үшін Қостанай облысынан Түркістан қаласына бидайды арзан бағамен жеткізу туралы келіссөздер жүргізіліпті. 

Әлеуметтік нан бағасы көтерілмейді – Түркістан облысы әкімдігі

Соңғы айларда өңірлерде нан қымбаттағаны туралы ақпараттар жиіледі. Осыған байланысты Түркістан облысы әкімдігі аймақта 1-сұрыпты ұннан жасалған әлеуметтік нан бағасының көтерілуіне жол берілмейді, деп хабарлады.

Әкімнің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, мәселені шешу үшін Қостанай облысынан Түркістан қаласына бидайды арзан бағамен жеткізу туралы келіссөздер жүргізіліпті. Осыдан кейін "Ақжол" ЖШС наубайханасымен келісімге келген. Наубайханада күн сайын 1-сұрыпты ұннан 25 000 дана нан пісіріліп, қаладағы сұраныстың 80% қамтамасыз етіледі.

Наубайхана айына 1-сұрыпты ұннан 375 тонна нан шығарады, ол қаладағы 20 сауда нүктесінде сатылады, бұл азық-түлік сататын сауда орындарының жалпы санының 66%-ын құрайды.

"Күніне 2 000 дана әлеуметтік нан барлық дүкендерге бөлініп жеткізіледі және 75 теңгеден сатылады",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу