Қостанайда әлеуметтік нан пісіретін наубайханалар азайды. Әлеуметтік нан пісіретін кәсіпорындарға, тұрақтандыру қорынан бағасы арзандатылған ұн беріледі. Әр келісі 100 теңгеден. Бұл өзіндік құнынан 30 теңгеге арзан.
Алайда, мұндай әрекеттен кәсіпкерлер берекет таппаған. Өйткені, ұннан басқа да шығындарға өтемақы берілмейді. Мысалы, құрал-жабдық, коммуналдық төлемақы мен жалақы ескерілмеген. Соның кесірінен 45 мың түйір әлеуметтік нан әзірлеген кәсіпорын, бір жарым млн теңгеден астам шығынға батқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу