Әлеуметтік орталықтың бүлдіршіндері енді иппотерапиямен емделеді

468

Астана қаласында "Арғымақ" ат-спорттық сауықтыру кешені мен "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Әлеуметтік орталықтың бүлдіршіндері енді иппотерапиямен емделеді Фото: sedla.ru

Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәлімдеуінше, алдағы уақытта "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері енді иппотерапия қызметіне жүгіне алады.

Айта кетейік, өткен жылдың 1 қазаннан бастап Астанада иппотерапиямен оңалту әдісі қолға алынған болатын. Пилоттық жобаның үш айында 72 бала емделді. Қазір мұнда 100-ден аса бала тұрақты келуде.

"Арғымақ" ат-спорттық сауықтыру кешенінде 20 жылқы болса, оның 10-ы сауықтыру шараларына белсене қатысады.

"Орталықта талапқа сай мінездері жуас 20 жылқы арнайы таңдалып алынған. Қазіргі таңда орталықта 10 жылқы сауықтыру шараларына белсене қатысады. Күніне әр жылқы 2 сағат адамдарға қызмет атқарады", - дейді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Кешенде сейсенбі және бейсенбі күндері иппотерапияны пайдалана отырып, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту бойынша сабақтарды аккредиттелген ұйымдарда оқудан өткен реабилитолог-дәрігерлер, сондай-ақ иппотерапия саласындағы білікті мамандар өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу