Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар балабақшаларда тегін тамақпен қамтылады

754

Бағдарлама 2029 жылға дейін 1-4-сынып оқушыларын мектеп тамағымен 100% қамтамасыз ету көзделген.

Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар балабақшаларда тегін тамақпен қамтылады

Қаржылай қиындыққа тап болған әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

"Мемлекеттік балабақшаларға бару тегін, ата-аналар тек балалардың тамағын төлейді. Осыған байланысты әлеуметтік осал отбасылар балаларын балабақшаға жібермейді, тіпті олар мектепке дейінгі ұйымдардарға баратын балаларының тамағын төлеуге мүмкіндігі болмағандықтан кезекке де қоймайды. 

Соның салдарынан бұл балалардың әлеуметтенуі жеткіліксіз болады, мектептегі үлгерімі төмен тәуекел тобына түсіп, денсаулығында да  проблемалар туындауы мүмкін", деп жазды министр.

Аталған мәселелерді шешу үшін Отбасының цифрлы картасы арқылы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды анықтау алгоритмі әзірленді. 

"Енді ел Президентінің бастамасы арқасында олар балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз етіледі, бұл балалардың әл-ауқаты мен табысты болашағы үшін өте маңызды.

Бүгінгі таңда еліміздің 7 өңірінде 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Мемлекет басшысының бұл бастамасы мыңдаған баланың денсаулығын жақсартуына, дамуына, үлгерімі мен әл-ауқатына оң әсер ететіні сөзсіз", деді А.Аймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу