Әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау мақсатында 962 тексеру жүргізілді

306

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың өткен кезеңінде 1 691 тексеру жүргізген.  

Әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау мақсатында 962 тексеру жүргізілді Фото: ашық дереккөзден

ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен осы жылдың 1 шілдесінде елімізде құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіретін мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді. Осы кезеңде әлеуметтік инспекторлар 962 тексеру жүргізді, оның 510-ы профилактикалық бақылау шеңберінде, 452-сі жоспардан тыс тексерулер болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Мемлекеттік бақылаумен: 320 мемлекеттік мекеме және жергілікті атқарушы органдардың облыстық, аудандық бөлімдері; 258 мектеп, колледждер мен балабақшалар; 69 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы; 33 дүкен; 30 сауда орталықтары,  сауда үйлері мен супермаркеттер; 15 санаторий; 111 емхана, ауруханалар мен дәріханалар; 8 балалар үйі мен  сәбилер үйлері; 7 халыққа қызмет көрсету орталығы; 2 банк филиалы; 6 Қазпошта және Қазақтелеком бөлімшелері; 7 ЖШС; 5 спорт ұйымы; 4 соттар; 5 кафе; 2 шаштараз; 1 кітапхана; 1 мұражай және т. б. қамтылды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті "Шал ақын ауданының білім бөлімі" КММ, "Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ мүгедектігі бар адамдар үшін аталған объектілердің қолжетімділігі мәселесі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді, тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті бірінші топ мүгедектігі бар Кентау қаласы тұрғынының, өтініші негізінде "Кентау-Грант мектебі" ЖШС және "Даражол" мектеп-лицей интернаты" ЖШС оқу орындарына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша лауазымды адамдарға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды.

"Ақтау" сауда ойын-сауық кешенінің екінші қабатында орналасқан дүкеннің мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімді болғаны көңілге қуаныш ұялатты. Дүкенге лифтпен де, пандустар арқылы да ыңғайлы көтеріле аласыз. Жақында қаладағы ең үлкен "Дина" супермаркетінде сауда жасадым, онда кіру де өте ыңғайлы, тактильді плиталар, мүгедектерге арналған көрсеткіштер, ыңғайлы сөрелер, олардың арасындағы жолдар кең етіп жасалған. Бір сөзбен айтқанда, мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы жағдайлар қарастырылған", – деді бірінші топ мүгедектігі бар Маңғыстау облысының тұрғыны, Жасұлан Дауылбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу