Бұл өзгерістер әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу мақсатында пайдаланған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) бойынша жеке табыс салығын (ЖТС) қайтаруға қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Негізгі өзгерістер қандай?
-
Әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар БЗТ арқылы алынған табысқа стандартты салық шегерімін (882 АЕК шегінде) қолдана алады.
-
Бұл шегерімді қолданбаған азаматтар енді БЖЗҚ-ға өтініш және растайтын құжаттармен жүгініп, ЖТС-ты қайта есептетіп, қайтарып ала алады.
-
2025 жылғы 15 шілдеден бастап БЗТ алғаннан кейін ЖТС-ты қайтаруға өтініш беру мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды.
-
Аталған өзгерістер 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
Кімдер өтініш бере алады?
Қолданыстағы Салық кодексінің 346-бабына сәйкес, келесі санаттағы азаматтар ЖТС қайтаруға құқылы:
-
I, II, III топтағы мүгедектер;
-
Мүгедек балалардың ата-аналары немесе қамқоршылары;
-
Бала асырап алушылар;
-
Жетім балаларды тәрбиелеуші отбасылар;
-
Соғыс ардагерлері және басқа да әлеуметтік осал топтар.
Қайда және қалай жүгіну керек?
Егер БЗТ сомасынан ЖТС бірден ұсталған болса және азамат салық шегерімін қолдануға құқылы болса, онда ол:
-
БЖЗҚ-ның жақын жердегі бөлімшесіне;
-
Өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгінуі тиіс.
ЖТС қайтарылған жағдайда:
-
Қайтарылған сома азаматтың жеке зейнетақы шотына аударылады.
-
Егер салық төлеу кейінге қалдырылған болса, онда болашақ төлемдерден ЖТС ұсталмайды.
ЖТС БЗТ сомасының 10%-ы көлемінде екі тәсілмен ұсталады:
-
Төлем сәтінде бірден.
-
Кейінге қалдырылып, зейнетке шыққаннан кейін ай сайын 16 жыл ішінде біртіндеп ұсталады.
ЖТС-ты қалай ұстау керектігін азамат өзі таңдайды және бұл таңдау уәкілетті операторға өтініш беру кезінде көрсетіледі.