Әлеуметтік прогресс рейтингінде Қазақстан 69-орында

2390

Қырғызстаннан басқа ЕАЭО елдерінен қалып қойдық.

Әлеуметтік прогресс рейтингінде Қазақстан 69-орында

2019 жыл бойынша жасалған рейтингте Норвегия көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда: Дания мен Швейцария. Ал ондыққа Финляндия, Швеция, Исландия, Жаңа Зеландия, Германия, Канада мен Жапония елдері енді. 

Тізімге жалпы 149 мемлекет кірген. Қазақстан 69-орында. Беларусь 48, Армения 59, Ресей 62, ал Қырғызстан 81 орындарға табан тіреді. Бұл туралы ranking.kz басылымы хабарлады.

Бүкіл әлем бойынша саяси және қаржылық шешімдерді қабылдауда әлеуметтік прогресс индексі шешуші рөл атқарады. Бұл белгілі бір мемлекеттің әлеуметтік дамуына қатысты жетістіктерін көрсетеді. Әлеуметтік прогресті есептеуде 50-ден астам көрсеткіш ескеріледі, олардың өзі 3 топқа жіктеледі. 

Қазақстанның әлеуметтік саладағы мықты тұстары: тамақтандыру, медициналық көмек, базалық білімнің қолжетімділігі, ауыз су, санитария, тұрғын үймен қамтамасыз ету және коммуникация мен ақпараттың қолжетімділігі. Ал осал тұстары: инклюзивтілік, жоғарғы білімнің қолжетімділігі, қоршаған ортаның сапасы, жеке құқық, денсаулық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу