Әлеуметтік салаға 8 трлн теңге бөлінеді

634

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әлеуметтік салаға 8 трлн теңге бөлінеді

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, бюджет шығысы құрылымында әлеуметтік саланың үлесі 50%-ды құрайды. 

"Шығыстар ортамерзімді кезеңге Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтарын ескере отырып қалыптастырылды. 2022 жылы шығыстар биылғы жылдың жоспарынан 577 млрд теңгеге ұлғая отырып, 15,9 трлн теңгені құрайды. Бюджет шығысы келесі жылға 14,9 трлн теңге деңгейінде анықталды", – деді Ерұлан Жамаубаев

Министрдің дерегінше, бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталды.

"2022 жылы әлеуметтік салаға қарастырылатын қаржы 2021 жылдың бюджетіне қарағанда 515 млрд теңгеге өсе отырып, 8 трлн теңге көлемінде жоспарланды. Шығыстардың өсуі жыл сайынғы индекстеу және зейнетақы мен жәрдемақы алушылар контингентінің ұлғаюына, сондай-ақ мұғалім мен дәрігер жалақысының көтерілуіне байланысты болды", – деді қаржы министрі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу