Әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстардың үлесі азаюда

 "2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңға сәйкес әлеуметтік салаға (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және қамсыздандыруға арналған шығыстар) 8,1 трлн теңгені немесе 2023 жылға республикалық бюджет шығыстарының 38%-ын құрайды.  

Әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстардың үлесі азаюда Фото: gov.kz

Бір жыл бұрын Қаржы министрлігінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінде дәл осындай көрсеткіш 47%-ды құраған. Соңғы бес жылдағы рекордтық көрсеткіш 2020 жылы 50% деңгейінде болған.

Салалар бойынша 2023 жылы білім беру шығындары 1 262 млрд теңгеге жоспарланғанын атап өткен жөн, бұл бір жыл бұрынғы нақты орындалған көрсеткіштен 36%-ға төмен. Өз кезегінде, биылғы жылы республикалық бюджетте қарастырылған денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек шығындары соңғы бес жылдағы рекордты жаңартып, тиісінше 2 171 млрд теңге және 4 687 млрд теңгені құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу