Әлеуметтік сауалнама: Қазақстанда әйелдердің шамамен 47% өз ісін ашуға ниетті

455

Қазақстанда әйелдердің кәсіпкерлік саласындағы белсенділігі төмен екендігі байқалады: әйелдердің 30%-ы және ерлердің 70%-ы ШОБ-та еңбек етеді.  

Әлеуметтік сауалнама: Қазақстанда әйелдердің шамамен 47% өз ісін ашуға ниетті Фото: ortcom.kz

Қазақстандық қоғамдық даму институтының отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы Ольга Николаева ОКҚ алаңында Қазақстандағы гендерлік саясаттың ерекшеліктеріне арналған брифинг барысында осылай мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, ресми немесе азаматтық некеде тұратын әйелдердің шамамен 10%-ы экономикалық тұрғыдан жұбайына тәуелді.

"Жаппай сауалнаманың нәтижесіне сәйкес, әйелдердің 47,3%-ы өз ісін ашып, бизнеспен айналысқысы келеді. Өз кәсібін ашуға кедергі келтіретін ең көп таралған себептер ретінде әйелдер қаржы жетіспеушілігін (64,7%), тәжірибенің, білімнің болмауын (33%), қорқынышты (22,4%) атады", - деді спикер.

Бұл ретте О.Николаева әйелдерге арналған тәлімгерлік институтын кеңейтуді, экономикалық қолдаудың қол жетімді шаралары мен оларды алу жолдары туралы хабардар етуді ұсынды.

Сондай-ақ мемлекеттік балабақшалар желісін кеңейту, тегін немесе жеңілдікті негізде қосымша кешкі топтар есебінен олардың жұмыс уақытын ұзарту ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу