Ал Алматыда бас жүлдесі 1,7 млн теңге болатын әлеуметтік стартаптар байқауы өтті. Жарыста әлеуметтік маңызы бар 12 идея авторы өз жобаларын таныстырды. Үздік деп танылған екі жоба иесі Еуропадағы әлеуметтік кәсіпкерлікке арналған шараға жолдамаға ие болады.
Үміткерлер еліміздің әр түкпірінен келген. Алматы, Астана, Павлодар, Талдықорған, Қарағанды секілді қалалардың жас кәсіпкерлері де бақ сынады. Ұсынылған өтінімдердің арасында білім, экология, салауатты өмір салты секілді салаларды дамытуға бағытталған әлеуметтік жобалар бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу