"Әлеуметтік студенттік кредит" жобасы қыркүйекте іске қосылады

2547

Ал оның тақырыптық модулі "Qazvolunteer.kz" еріктілердің бірыңғай интернет платформасында орналасады.

"Әлеуметтік студенттік кредит" жобасы қыркүйекте іске қосылады

ҚР білім және ғылым министрлігі мен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арасында "Әлеуметтік студенттік кредит" жобасын іске асыру аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.

Ресми шараға ҚР ілім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова, ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин қатысты.

Бәріне белгілі, биылғы жылды Елбасы Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай, студенттерді әлеуметтік және қоғамдық пайдалы қызметке кеңінен тартуға бағытталған "Әлеуметтік студенттік кредит" жобасы басталады.

Жоба аясында жоғары оқу орындарының студенттері ақшалай сыйақы алып, қоғамдық-пайдалы жұмыс нәтижелері үшін академиялық кредиттерді қайта есепке ала алады.

Күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орындарының студенттеріне келесі әлеуметтік студенттік кредит түрлері ұсынылады:

1) 20 сағат қызметі үшін 20 000 теңгеге кредит;

2) 50 сағат қызметі үшін 50 000 теңгеге кредит.

Студенттер волонтерлер ретінде балалар үйлерінде, қарттар үйлерінде, білім беру және басқа да әлеуметтік мекемелерде көмек көрсетеді.

"Әлеуметтік студенттік кредит" жобасын іске қосу 2019 жылдың қыркүйек айына жоспарланған, ал оның тақырыптық модулі "Qazvolunteer.kz" еріктілердің бірыңғай интернет платформасында орналасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу