Әлеуметтік такси жүрмей ата-аналар наразылық білдірді

484

Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнін Шымкенттік ерекше күтімдегі балаларды асырап отырған аналар наразылықпен бастады. Себебі, бүгін мегаполисте әлеуметтік такси жүрмеген. 

Әлеуметтік такси жүрмей ата-аналар наразылық білдірді

Салдарынан арнайы көлікке мұқтаж жандар жоспарланған жерлеріне жете алмай қалды. Ал, осы уақытқа дейін ерекше жандарды тасымалдау қызметін үйлестіріп келген басқарма әлеуметтік көліктің тоқтайтыны туралы мүлде хабарламаған. Үнемі құқығымыз шектеледі деген аналар тиісті басқарманың алдына жиналды. 

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының алдына жиналған бұл топ ерекеше күтімді қажет ететін балалардың аналары. Кейбірі жүріп тұруы қиын екі баланы бауырына басқан. Барлығы ем домын алу үшін күн сайын түрлі орталыққа апаратын. Бірақ бүгін табан асты қара жаяу қалғандарына қапалы. 

"Емханаға бару керек едім. Оған дейін біздің оңалту орталықтарымыз бар. Соларға бару керекпіз. Бүгін басталды баратын жерімізге бара алмай, жететін жерімізге жете алмай отырмыз", дейді ата-ана Гүлбақыт Мәденова.

Мәселесін айтып, жиналған аналарға тиісті басқарма басшысының орынбасары шығып жауап берді. Ол бұдан былай әлеуметтік көліктің жүрмейтінін кесіп айтты.  Оның айтуынша енді арнайы көліктің көмегін тұтынатынатын азаматтарға жол жүру құны ақшалай өтеледі. Нақты айтар болсақ, осы айдан бастап әр азаматқа жолақы үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша аударылмақ. Бірақ, ата-аналар бұл жетпейді деп отыр.

Аналар жағы қанша жерден келіспегенімен басшының орынбасары шешімнің күшіне енгенін, енді өзгерту мүмкін еместігін айтып ақталды. Ал, аналардың жетпейді дегенін уәжін жоғарыға жеткізетін мәлімдеді.

"Ата-аналардың наразылығын болдырмау үшін әр азаматтың өзінің кез келген уақытта заявка беріп диспечерге оны күтіп отырып келмей қалса машина сынып қалса әртүрлі мәселелерді болдырмау үшін. Әр азаматтың есепшотына тиімді деп санап осындай шешімге келіп отырмыз", дейді Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жолдасбеков.

Шымкентте өткен жылы әлеуметтік такси қызметін 700 -ге жуық адам тұтынған. Ол үшін бюджеттен 130 млн теңгедей қаржы бөлініп 58 көлік қызмет көрсеткен. Биылғы жағдай мынадай. Билік әлеуметтік таксиді алып ақшасында тым аз бөліп отыр деген аналар енді кімнен көмек сұрарларын білмей дал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу