Әлеуметтік төлем алушы міндетті сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылады

603

Әлеуметтік төлем алушы міндетті сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылады

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанның әр азаматын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру күшіне енеді. Қорға жарна төлеуден жұмыссыздар, әлеуметтік төлем алушылар және басқа да азаматтар босатылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Азаматтың мәртебесін белгілеу, жұмыссыз бен нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматты анықтау жөнінде атаулы жұмысты ұйымдастыру үшін қалалық штаб пен мобильді топ құрылды. "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесіне мәртебесі жоқ жеке аталған адамды өзектендіру үшін штаб халықты жұмыспен қамту орталығының ғимаратында орналасқан.

Денсаулық сақтау басқармасы бекітілген халық тізімі бойынша, мәртебесі жоқ адамдардың тізімінде салыстырып тексереді, үйлерді аралайды.

Білім басқармасы мәртебесі жоқ адамдар тізіміне сәйкес мектепке дейінгі мекеменің балалары, мектеп мен колледж оқушының, колледж студенттің ата-анасының әлеуметтік мәртебесін анықтайды.

Сонымен қатар тұрғын үй инспекциясы басқармасы ұйымдастырған ПИК және үйге қызмет көрсететін компанияның өкілдерімен пәтер аралайды. Жергілікті полиция аулаларды аралайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу