Әлеуметтік төлем экстерриториалды қағидат бойынша рәсімделеді

708

Ел азаматтарына кез келген өңіріндегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, әлеуметтік төлем рәсімдеу мүмкіндігі беріледі.  

Әлеуметтік төлем экстерриториалды қағидат бойынша рәсімделеді

Іс барысында осыған дейінгідей азаматтардан тұрғылықты тіркеу талап етілмейді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы төрағасының орынбасары Біржан Жүнісовтің сөзіне сүйеніп.

"Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін цифрландыру бағытының бірі аумақтан тыс қағидатты енгізу. 2021 жылдың үшінші тоқсанында осы принцип бойынша қазақстандықтар баланың туылуына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, жүктілік пен босануға, жаңа туған сәбиді асырап алуға байланысты кірісін жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлем алуға өтініш бере алады және бір жасқа толған кезде баланы күтуге байланысты табысы жоғалған жағдайда, тіркеу орнына қарамастан, елдің кез келген өңіріндегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына құжат өткізе алады. Жыл соңына қарай біз басқа төлемдер бойынша да экстерриториалды қағидатты енгізуді жоспарлап отырмыз" – деді Біржан Жүнісов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу